+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Версия для слабовидящихОбычная версия сайтаКері байланыс
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон доверия8 7112 28-95-44Электронный адрес info@rpmpk.kz

Новости

БастыНовости
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ұлы дала» Фестивалі өтті16 апреля 2018, 10:22

    14 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұлдыз» балалар мен жасөспірімдер клубының алаңында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын танытатын «Ұлы дала» фестивалі өтті. Фестиваль барысында шеберлік сыныптары, қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар, тоғызқұмалақтан, асық атудан турнир, арқан тарту өтті.  

  • Қарағандылық талантты суретшілер Нью-Йоркта!!!13 апреля 2018, 18:32

    2018 жылдың 15 наурыз және 15 сәуір аралығында Нью-Йорк (АҚШ) қаласында "Fresh Children Culture of the World" балалардың халықаралық сурет көрмесі болып жатыр. Аталаған көрмеге Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубының №2 өнер мектебінің оқушылары «Дети рисуют мир» қорының қолдауымен қатысты. Бұл көрмеге әлемнің әр түпкірінен және ЮНЕСКО клубының №2 өнер мектебінен Жармухамбетова Арина, Мирошниченко Анна, Муратов Бекарыс, Тусупов Серик, Никонова Екатерина, Кошметова Есения қатысты. Бұл әлемге Қазақстанның жас суретшілерінің еңбегін паш етудің бірден-бір мүмкіндігі.

  • Сіз қандай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола аласыз?13 апреля 2018, 16:56

    Егер сіз өмірдің қиын жағдайына тап болған болсаңыз, кірісіңіз болмаса, жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда сіз атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес алу үшін «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласа аласыз. Атаулы әлеуметтік көмек отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінің деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға арналған. 2018 жылдың екінші тоқсанына Қарағанды облысы бойынша кедейлік шегі 12422 теңге мөлшерінде бекітілді. Атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.  

  • Бос жұмыс орындары және тегін оқыту курстарына жазылу жәрмеңкесі13 апреля 2018, 16:39

    Бос орындар жәрмеңкесі – жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған және азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін нақты мүмкіндік беретін дәстүрлі іс-шара. 2018 жылы 13 сәуірде Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайы ғимаратында бос жұмыс орындары және тегін оқыту курстарына жазылу қалалық жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген азаматтардың арасында тікелей байланыс орнату, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.  

  • Базалық зейнетақы төлемдерін есептеу әдісінің 01.07.2018 жылдан бастап өзгеруі12 апреля 2018, 18:18

    03 наурыз 2017 жылғы № 17 «01 шілде 2018 жылға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің өлшемін қайта есептеу туралы Ережеге» сәйкес, 01 шілде 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне қатысты еңбек өтіліміне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыларды қайта есептеу көзделген. Аталған жаңалық зейнеткерліктегі және жаңадан шығатын зейнеткерлерге таратылады. Зейнетақы жүйесін қайта есептеу үшін төмендегі еңбек өтілімдері жатады: бірлескен жүйеге әзірленген еңбек өтілі (1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін); жинақтаушы еңбек өтілі (міндетті зейнетақы жарналары төленген мерзім). Бұдан басқа, еңбек өтіліміне жекелеген азаматтарды әлеуметтік қолдау және ана болуға ынталандыру мақсаты жатады: - баланың 3 жасқа дейінгі күтіміне байланысты жұмыссыз отырған аналардың еңбек өтілдері, бірақ әрбір баланың үш жасқа дейінгі аралықтағы күтімі жалпы жиынтығы 12 жылдың шегіндегі мерзім; - 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтіміндегі мерзім.  

  • Жаңа ауқымды жобаларға жол12 апреля 2018, 12:02

    2018 жылдың 10 сәуірінде «Молодежный» Мәдениет Үйінің фойесінде Қарағанды қаласы агротехникалық колледжінің студенттеріне арналған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін насихаттау мақсатында «Жаңа ауқымды жобаларға жол» атты ақапараттық сағат өткізілді. Бұл шараға: АНТ өкілі, Қарағанды қаласы теміржолшылар колледжі директорының орынбасары, Октябрь ауданының «НұрОтан» партиясы филиалының бастапқы ұйымының төрайымы Абильгазина Айгуль Омарқызы; Октябрь аудандық «НұрОтан» партиясы төреағасының бірінші орынбасары Аманжолова Бахытжан Аманжоловна; №2 қалалық жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана филиалының кітапханашасы Дмитриева Ирина Александровна қатысты.  

  • Шаһарымызда экскурсия жетекшілерін дайындауға арналған оқу орталығы ашылды11 апреля 2018, 17:40

    Қарағандыда «Қарлығаш» оқу орталығы ашылды, онда экскурсия жетекшілері, туристік агенттер және нұсқаушы-әдіскерлер оқытылатын болады. Оқу орталығының жетекшісі Қарлығаш Әбілсеиітованың айтуынша гид-экскурсия жетекшісі мамандығына деген сұраныс «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу барысында ұлғайған екен. Оған қоса біздің аймағымызда Бектау ата немесе Ұлытау секілді киелі жерлер жеткілікті. Олардың барлығымен қарағандылықтарды таныстыру үшін гидтер қажет. Экскурсия жетекшісіне кез-келген мамандық иелері қайта даярлана алады, себебі ең бастысы – ынта. Ал білім мен тәжірибені оқу барысында алуға болады.   

  • Қарағандылықтар спорттық акробатика бойынша әлем чемпиондары атанды11 апреля 2018, 17:38

    Қарағандылық Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк спорттық акробатика бойынша әлем чемпиондары атанды. Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер гимнастика бойынша спорт мектебінің тәрбиеленушілері Антверпен қаласында өткен спорттық акробатика бойынша Әлем чемпионатында жеңіске жетті.  

  • Қарағандыда дәстүрлі көктемгі көрме өтеді11 апреля 2018, 11:26

    Биылғы жылғы дәстүрлі көктемгі көрме құрамы жағынан шағын болғанымен, техникасы алуан түрлі және стилі де әр алуан. Мұнда біз әлемнің әсемдігімен оптимистік көңіл күйді көре аламыз. Бұрынғыдай танымал шеберлермен қатар жас суретшілердің жұмыстарын көре аласыздар. Жаңа есімдер де пайда болды, әлемге деген жаңа көзқарасты сезуге болады. Бұл Г.Абеуова оның ұшқыр қиялы мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділігінің арқасында әлемдегінің бәрін бір арнаға тоғыстырған; бұл Е.Бородавченко, біздің күнделікті бір-біріне ұқсас күйбең тіршілік өмірімізден баға жетпес әлемдік құндылықты көре алады; бұл А.Балицевич оның талантымен замануи өмірдегінің бәрін ұйымдастыруға болады; бұл Н.Пашкова адамзаттың тарихи мәдени құндылығын терең сезінген.  

  • Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!10 апреля 2018, 18:05

    «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар, деректемелер мен жарнамалардың сауаттылығын ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына (одан әрі - Заң) сәйкестендіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды.  

Руководитель управленияБекдаирова Аймат Сагингалиевна

Рада приветствовать вас в моём блоге!

Вы можете задать интересующий вас вопрос заполнив форму

количество записей
0всего
0месяц
0неделю
Задать вопрос
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан