+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Версия для слабовидящихОбычная версия сайтаКері байланыс
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон доверия8 7112 28-95-44Электронный адрес info@rpmpk.kz

Новости

БастыНовостиОтбасымен бірге жаттығу

Отбасымен бірге жаттығу

Құрметті достар!
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналар мен педагогтарға карантин уақытын балаларды спортқа баулуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға пайдаланып жатқандығын баяндайтын бейнематериалдары үшін алғыс айтады.

Әрине, балаларды белгілі бір тәртіпке, гигиеналық талаптарды орындауға үйрете отырып, біз ағзаға пайдалы дағдыларды қалыптастырамыз және сол арқылы олардың денсаулығын сақтаймыз.
Балалардың өз бетінше іс-әрекеттерінің маңызды түрі - таңғы жаттығулар.
Таңғы жаттығу біздің бәрімізге қажет, әсіресе балаларға пайдалы, олар үшін таңғы жаттығулар:
Біртіндеп болу керек. Қарапайым жаттығудан қиынға. Жүктемені біртіндеп арттырғандай, ағзаны салыстырмалы тыныш күйге келтіру үшін біртіндеп төмендету қажет.
Әртүрлі болу керек. Баланың қызығушылығын арттыру үшін әрбір 10 күн сайын 1-2 жаттығуларды ауыстырып отыру қажет.
Тұрақты болу керек. Тек жүйелі түрде орындалған кезде ғана сауықтыру әсеріне қол жеткізіледі. Күн сайын ірі бұлшықеттерді жаттықтыра отырып, біз алмасу процестерін жандандырамыз, ағзаның барлық жасушалары мен тіндерін қоректендіруге қолайлы жағдай жасаймыз. Балада күн сайын жаттығу жасау әдетін ерте жасынан қалыптастыру керек.
Қалыпты болу керек. Баланың қатты шаршап қалуын болдырмау үшін барлық жаттығуларды қалыпты қарқынмен орындау қажет.
Қол жетімді болу керек. Балалар жаттығуларды игеруге аса көп күш жұмсамау үшін, олар қарапайым және таныс болуы керек.
Балалармен бірге таңғы жаттығудың фото-бейне түсірілімдерін жолдасаңыздар ризашылығымызды білдіреміз.

Мекеме меңгерушісіБекдаирова Аймат Сагингалиевна

Рада приветствовать вас в моём блоге!

Вы можете задать интересующий вас вопрос заполнив форму

количество записей
0всего
0месяц
0неделю
Задать вопрос
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан
Послание Президента Республики Казахстан